Қазақстанның 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Солтүстікте боран соғады

Фото: © istockphoto.com
Дүйсенбі, 29 желтоқсан күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт нашарлайды. «Қазгидромет» мамандары еліміздің 15 облысында дауылды ескерту жариялады. Солтүстікте боран соқса, оңтүстік пен батыс өңірлерді қалың тұман мен көктайғақ басады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Солтүстік пен орталықта боран соғады
Еліміздің солтүстік және орталық аймақтарында нағыз қысқы қаһар сезілмек. Көріну деңгейі төмендеп, жолдарда қиындықтар туындауы мүмкін.
Ақмола облысы мен Астанада күндіз қар жауып, боран соғады. Жолдарда көктайғақ болып, желдің қарқыны 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстанда (Петропавл) күндіз қар аралас боран соғып, жел күшейеді.
Қостанай облысында қар жауып, жаяу боран күтілуде. Қостанай қаласында да жағдай осындай.
Ұлытау мен Қарағандыда күн соңында қар жауып, тұман түседі деп болжануда.
Оңтүстік пен шығыста тұман мен көктайғақ болады
Оңтүстік өңірлердегі басты қауіп — жолдардағы көріну деңгейінің нашарлауы және тайғақ.
Алматы мен Алматы облысында түнде және таңертең қалың тұман түседі. Жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Қонаев қаласында да жел күшейіп, тұман күтілуде.
Түркістан және Жамбыл облыстарында таулы асуларда желдің жылдамдығы 20 м/с жетеді. Таулы аймақтарды тұман басады.
Жетісу облысы мен Талдықорғанда тұман мен желдің екпініне байланысты сақтық шараларын сақтау қажет.
Шығыс Қазақстан мен Абай облысы: Жарма ауданында желдің екпіні 23 м/с дейін күшейеді.
Батыс өңірлер: Жаңбыр аралас қар
Батыс Қазақстанда ауа температурасының құбылмалылығына байланысты жолдарда мұз қату қаупі жоғары.
Ақтөбе облысында түнде қар қалың жауып, боран соғады. Ақтөбе қаласында көктайғақкүтілуде.
Атырау мен Маңғыстау өңірлерінде тұман басып, жолдар мұзбен капталып, көктайғақ болуы ықтимал.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге кеңес
Ауа райының қолайсыздығына байланысты мамандар келесі қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды:
1. Алыс сапарға шықпаңыз: Мүмкіндік болса, елді мекендер арасындағы қозғалысты шектеңіз.
2. Арақашықтықты сақтаңыз: Көктайғақта тежеу қашықтығы артатынын ұмытпаңыз.
3. Желден сақтаныңыз: Күшті жел кезінде үлкен ағаштар мен жеңіл конструкциялардың астында тұрмаңыз.










