Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Orda school» мектебін мемлекеттік меншікке алу бойынша меморандумға қол қойылды

«Orda school» мектебін мемлекеттік меншікке алу бойынша меморандумға қол қойылды

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Orda school » мектебін мемлекеттік меншікке алу бойынша меморандумға қол қою рәсімі өтті. Меморандумға облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов пен «Orda school» мектебінің құрылтайшысы Мұрат Бақтиярұлы қол қойды. Оған жауапты сала басшылары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, білім саласының қызметкерлері қатысты.
Нұрлыбек Машбекұлы өңірде Мемлекет басшысының, Үкіметтің ерекше қолдауымен жүзеге асқан ауқымды жобалар мен тың бастамалар туралы айтып өтті.
«Аймағымызда жас ұрпақтың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалуда. Соңғы жылдары біз бюджет қаржысының басым бөлігін әлеуметтік салаға, оның ішінде білім саласына бағыттадық. Білім беру саласына соңғы 3 жылда 812 млрд. 245 млн. теңге, биыл 346 млрд. 800 млн. теңге қаралды. Бөлінген қаржының түпкілікті мақсатқа жетуі мен қаржы бұзушылықтардың алдын алуда нақты шаралар қабылданған.
Біздің ең бірінші міндетіміз – балаларымыздың жан-жақты, сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасап, жайлы орта қалыптастыру.
Аймағымызда алғашқылардың бірі болып, тәуекелге бел буып, қаржысын білім беру саласына салған Мұрат Бақтиярұлы ағамыз болатын. Бүгінде «Orda school» жекеменшік мектептерінің желісі 4-ке жетті.
Біз де өз кезегімізде таза, шынайы жұмыс жасайтын кәсіпкерлерді үнемі қолдап келеміз. «Сабалақ» саяжайы аумағы жыл сайын кеңейіп, халық саны артқанын ескерсек, «Orda school - 2» жеке мектебінің перспективасы зор.
Әрбір ата-ана баласының заманауи ғимаратта оқып, білімді болғанын қалайды. Бұған дейін жеке мектепте 336 оқушы тегін оқып келді. Мұрат Бақтиярұлы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 2023 жылдың қыркүйегінде ашылған «Orda school - 2» жекеменшік мектебін облыстық коммуналдық меншікке беру жөнінде шешім қабылдады. Жас өрендеріміздің игілігі жолында жасаған батыл қадамыңыз үшін Сыр жұртшылығы атынан шынайы алғысымызды білдіреміз!
Бәсекеге қабілетті, заманның жаңа шақыртуларына дайын, озық ойлы ұрпақ тәрбиелеу – мемлекет алдындағы стратегиялық маңызды міндет. Барша бастамаларыңызға сәттілік тілеймін және бірлесе жұмыс атқаруға шақырамын!», – деді аймақ басшысы.
Енді бұл білім беру ұйымы №297 орта мектеп болып қайта құрылып, мемлекеттік мекеме ретінде жұмысын жалғастырады. Бұған дейін саяжайдан қаладағы мектептерге қатынап оқуға мәжбүр болған 326 оқушының мәселесі толық шешімін табады.
Басқосуда «Orda school » мектебінің құрылтайшысы, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Бақтиярұлы, «Ұлағат» мектебінің құрылтайшысы Қалқазбек Әжібеков, «Зерде» мектебінің құрылтайшысы Сейтқали Алшынбаев сөз сөйледі.
@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
27 желтоқсан 2025 ж. 109 0

Мәдениет – өркениет өзегі

27 желтоқсан 2025 ж. 152

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031