Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2026 жылы пайдалы болатын алты әдет аталды

2026 жылы пайдалы болатын алты әдет аталды

Фото: depositphotos.com
Диетолог Дурвал Рибас Фильо 2026 жылы деніңіз сау болу үшін алты әдет қалыптастыру қажет екенін айтты. Ол бұл әдеттерді Terra басылымына берген сұхбатында тізіп өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Біріншіден, Фильо тамақтану режимін түбегейлі қайта қарауға шақырды. Атап айтқанда, ультраөңделген өнімдерден бас тартып, олардың орнына жеміс-жидек, көкөніс, бұршақ тұқымдастар, тұтас дәнді дақылдар, майы аз ет және жаңғақты көбірек тұтыну керек. Екіншіден, үйренуге тиіс әдет - мәзірді алдын ала жоспарлау. Дәрігердің түсіндіруінше, бұл тез дайындалатын, бірақ қоректік заттарға жұтаң тағамдарды тұтынуды азайтуға көмектеседі.
Үшіншіден, дәрігер көп су ішуге кеңес берді, өйткені су ас қорытуға, зейін қоюға, тері күйіне, тіпті көңіл күйге де оң әсер етеді. Сонымен қатар, физикалық та, психикалық та жағдайды жақсарту үшін көбірек қозғалу қажет. Соңғы екі әдет ретінде Фильо қант тұтынуды қысқартуды және дұрыс тамақтану туралы сенімді ақпарат көздерін оқуды атады. Олар рационды дұрыс құрастыруға көмектеседі.
23 желтоқсан 2025 ж. 245 0

Еңбегі елдің есінде

28 ақпан 2026 ж. 25

Қарғыс ұратыны рас па?

28 ақпан 2026 ж. 25

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728