Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 157 280 теңге: мемлекеттік сыйақыны кімдер ала алады?

157 280 теңге: мемлекеттік сыйақыны кімдер ала алады?

Мемлекеттік сыйақы салымшылардың есепшотына 2026 жылдың алғашқы тоқсанында аударылады.
Фото: www.istockphoto.com
2025 жылы «Отбасы банкінде» депозиті бар қазақстандықтар мемлекеттен берілетін сыйақының ең жоғары мөлшерін алу үшін жыл соңына дейін салымын белгілі бір деңгейге жеткізуі тиіс, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты Hcsbk.kz-ке сілтеме жасап.
Биыл мемлекеттік сыйақының максималды көлемі –157 280 теңге. Сыйақы салымшының бір жыл ішінде жинаған қаражатына есептеледі. Мемлекет депозитке салынған қаражаттың 200 АЕК-ке дейінгі бөлігіне 20% көлемінде қолдау көрсетеді. 2025 жылғы 200 АЕК 786 400 теңгеге тең.
Егер салымшы бір жыл ішінде депозитіне 500 мың теңге жинаса, мемлекеттен 100 мың теңге сыйақы алады. Яғни, әрбір салынған 10 мың теңге үшін 2 мың теңге көлемінде үстемеақы қарастырылады. Алайда салым көлемі бұдан көп болған күннің өзінде, мемлекеттік сыйақы 157 280 теңгеден аспайды. Осындай жағдайда банк мамандары отбасы мүшелерінің атына жеке-жеке депозит ашуды ұсынады.
Маңызды шарттың бірі: ең жоғары сыйақыны алу үшін депозиттегі қаражат 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін кемінде 786 400 теңге болуы қажет;
Қаржы сарапшылары алдағы жылдары бұл қолдау түрінің шарттары өзгеруі немесе мүлде тоқтатылуы мүмкін екенін ескертеді. Сондықтан баспана алуды жоспарлап жүрген азаматтарға 2025 жылғы осы мүмкіндікті тиімді пайдалану ұсынылады.
23 желтоқсан 2025 ж. 254 0

Тарихтан жеткен тағылым

03 наурыз 2026 ж. 34

Жылдам байлық иллюзиясы

03 наурыз 2026 ж. 37

Әсем әндер әуеледі

03 наурыз 2026 ж. 41

Өнермен өрілген ғұмыр

03 наурыз 2026 ж. 34

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031