Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2026 жылғы қаңтарда қазақстандықтар неше күн демалады

2026 жылғы қаңтарда қазақстандықтар неше күн демалады

Фото: ©Pixabay.com
2026 жылдың қаңтар айында қазақстандықтар 12 күн демалады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жаңа жыл мен Рождество мерекелеріне байланысты қаңтар айындағы демалыс күндерінің кестесі бес күндік және алты күндік жұмыс аптасына қарай әртүрлі болады. Мемлекеттік мерекелер есебінен азаматтар ай бойы қосымша тынығу мүмкіндігіне ие.
Бес күндік жұмыс аптасы үшін:
– Жаңа жылға байланысты демалыс күндері: 1-4 қаңтар (бейсенбі-жексенбі);
– Жұмыс күндері: 5-6 қаңтар (дүйсенбі, сейсенбі);
– Рождество мерекесі: 7 қаңтар (сәрсенбі – демалыс);
– Одан кейін қалыпты жұмыс кестесі жалғасады.
Бұл жағдайда қаңтар айында 12 демалыс және 19 жұмыс күні болады.
Алты күндік жұмыс аптасы үшін:
– Жаңа жылдағы демалыс: 1-2 қаңтар (бейсенбі, жұма);
– 3 қаңтар – жұмыс күні (сенбі);
– 4 қаңтар – демалыс (жексенбі);
– 5–6 қаңтар – жұмыс күндері;
– 7 қаңтар – Рождество мерекесіне байланысты демалыс.
Алты күндік жұмыс кестесінде қаңтарда 7 демалыс және 24 жұмыс күні қарастырылған.
22 желтоқсан 2025 ж. 355 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31