2026 жыл: қазақстандықтар қаңтарда неше күн демалады?
Мемлекеттік мерекелер – Жаңа жыл мен Рождествода қазақстандықтар жалпы 12 демалыс күнін алады.

Келер жылқы жылының қаңтар айында 12 демалыс күні болады. Төменде бес күндік және алты күндік жұмыс аптасына арналған Жаңа жыл және Рождество мерекелеріне сәйкес демалыс кестесі берілген.
Ресми мерекелік күндер: 1 және 2 қаңтар – Жаңа жыл. Бірақ демалыс күндерін ескере отырып, бес күндік жұмыс аптасына арналған кесте:
Демалыс күндері (Жаңа жыл): 1, 2, 3 және 4 қаңтар (бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі).
Жұмыс күндері: 5 және 6 қаңтар (дүйсенбі, сейсенбі).
Демалыс (Рождество): 7 қаңтар (сәрсенбі). Содан кейін қалыпты жұмыс кестесі. Сонымен қаңтар айында барлығы: 12 демалыс күні және 19 жұмыс күні.
Ал егер 6 күндік жұмыс аптасы болса, демалыс күндері (Жаңа жыл): 1 және 2 қаңтар (бейсенбі, жұма).
Жұмыс күні: 3 қаңтар (сенбі).
Демалыс күні: 4 қаңтар (жексенбі).
Жұмыс күндері: 5 және 6 қаңтар (дүйсенбі, сейсенбі).
Демалыс (Рождество): 7 қаңтар (сәрсенбі). Сондықтан қаңтарда 7 демалыс күні және 24 жұмыс күні болмақ.










