Алаяқтар тактикасын өзгертуде: жәбірленушілер өздері байланысқа шығады
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұданәрі - Комитет) Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертеді.Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша (https://www.kommersant.ru/doc/8230736,https://www.pravda.ru/news/videochannel/2313571-russia-new-fraud-scheme/, https://iz.ru/1996945/2025-11-26/moshenniki-massovo-zastavliaiut-zhertv-samim-zvonit-im?utm_source=yxnews&utm_medium=desktop&utm_referrer=https%3A%2F%2Fdzen.ru%2Fnews%2Finstory%2Fa910b074-a37c-54c8-bb26-884c26851152, https://lenta.ru/news/2025/11/26/nazvana-samaya-populyarnaya-v-poslednie-mesyatsy-shema-moshennichestva/) алаяқтар жаңа шабуыл толқынын іске қосып, жеткізу қызметтері, басқарушы компаниялар және банктер атынан хаттар мен SMS -хабарламалар жіберуде. «Авторизациядағы қате», «домофонды ауыстыру» немесе «есептегіштерді тексеру» деген сылтаумен қаскүнемдер азаматтарды олардың өздерін қайта қоңырау шалуға мәжбүрлейді.
- сақтық танытып, беймәлім кіріс хат-хабарлар мен қоңырауларға сыни көзқараспен қарау;
- ұйымдардың ресми сайттарында көрсетілген телефон нөмірлеріне ғана қайта қоңырау шалу;
- екі факторлы аутентификацияны пайдалану;
- банк карталарының деректерін, SMS арқылы келетін бір реттік кодтарды және өзге де құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеу.











