Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2026 жылдан бастап Қазақстанда кімдердің ақша аударымдары тексерілетіні белгілі болды

2026 жылдан бастап Қазақстанда кімдердің ақша аударымдары тексерілетіні белгілі болды

Фото: istockphoto.com
Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтардың мобильді ақша аударымдары қандай жағдайда тексерілетінін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Комитет қазақстандықтардың кәсіпкерлік қызмет арқылы табыс табуы мүмкін деген күдікке ілінетін жағдайларға қатысты түсініктеме берді.
“Бұған дейінгі талап ақша түсімдерінің санына негізделген еді – күнтізбелік үш ай қатарынан 100 және одан көп әртүрлі тұлғадан ақша түскен жағдайда. Жаңа ережеде оған қосымша талап енгізілді, енді дәл сол кезеңдегі барлық түсімдердің жиынтық сомасы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асып түсуі қажет”, – делінген хабарламада.
2026 жылдан бастап жаңа Салық кодексіне сәйкес қазақстандықтардың ақша аударымдары мына жағдайларда тексеріледі:
- Бір жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметке арналмаған жеке банктік шотына қатарынан 3 күнтізбелік ай ішінде 100 және одан да көп әртүрлі тұлғадан ақша түссе;
- Осы кезеңдегі жалпы түсім мөлшері қаржы жылының 1 қаңтарында республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген ең төменгі жалақының 12 есесінен асып кеткен жағдайда.
Еске салсақ, бұған дейін 1 қаңтардан бастап қазақстандықтардың мобильді ақша аударымдары жаңа тәртіппен тексерілетіні туралы жазған едік.
12 желтоқсан 2025 ж. 231 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031