Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2027 жылдан бастап балабақшалар лицензияланатын болады

2027 жылдан бастап балабақшалар лицензияланатын болады

istockphoto.com
2027 жылдың қаңтар айынан бастап балабақшалар меншік нысанына қарамастан лицензияланатын болады. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, бұл мәселе министрліктің жеке бақылауында. Жергілікті атқарушы органдармен қажетті жұмыстар жүргізілуде. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, кәсіпкер балабақша ашқанда жергілікті атқарушы органдар мен министрліктің аумақтық департаменттеріне хабарлауға тиіс. Қазіргі уақытта сапаны арттыру мақсатында балабақшаларға қойылатын талаптар күшейтілуде, және заңға тиісті өзгерістер енгізілген.

«Мектеп болсын, балабақша болсын, қазір лицензиялау енгізілді. Әрбір мектеп пен балабақша ғимаратына, педагогикалық әлеуетіне, бағдарламаларына, материалдық-техникалық базасына және инфрақұрылымына талаптар қойылған. Бұл ереже бекітілді. Заң 2024 жылы күшіне енді. 2025–2026 жылдары балабақшаларды осы талаптарға сәйкес келтіру үшін дайындық жүргізуге уақыт берілді. 2027 жылдың қаңтар айынан бастап балабақшалар меншік нысанына қарамастан лицензияланатын болады», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында қойылған сұраққа берген жауабында.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/272658-2027-zyldan-bastap-balabaqsalar-licenziialanatyn-bolady
11 желтоқсан 2025 ж. 167 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728