Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » -33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Сурет: pexels
Алдағы күндері бүкіл Қазақстан аумағында ауа райында өзгерістер болатыны ескертілді. Бұл туралы 8 желтоқсанда Төтенше жағдайлар министрлігі құлақтандыру жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт өзгеріп, қатты аяз, көктайғақ болады, қар жауып, боран соғады, тұман түседі және жел екпін алады деп күтіледі.

Ең төмен ауа температурасы -20, -33 °C-ді құрап, мына өңірлерде тіркеледі:
Ақтөбе, Қостанай, СҚО, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, ШҚО, Алматы, Ұлытау, Абай және Жетісу облыстары.
СҚО, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, ШҚО, Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарында қар жауып, боран соғады деп күтіледі.
Ал Алматы, Түркістан, Жамбыл, ШҚО, Ақтөбе, БҚО, Қызылорда облыстарында көктайғақ болады деп болжанады.
"ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауды, алыс жол жүруді шектеуді, жылы киінуді және болжамдарды қадағалауды ескертеді", делінген хабарламада.
Бұған дейін 8 желтоқсанда синоптиктер Астана, Алматы және еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жариялаған болатын.
09 желтоқсан 2025 ж. 208 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 133

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031