Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Facebook Қазақстанмен арадағы келісім туралы ақпаратты растады

Facebook Қазақстанмен арадағы келісім туралы ақпаратты растады

Бұған дейін Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Meta (Facebook) компаниясымен келісімге келгенін хабарлады.
Meta компаниясының жұртшылықпен байланыс жөніндегі өңірлік директоры Джордж Чен Қазақстанның компанияның "Контентті хабардар етудің ішкі жүйесіне" қосылғанын растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Meta-ның (Facebook) бүкіл әлем үкіметі үшін жергілікті заңнаманы бұзады деп санайтын мәтін туралы хабарлауға арналған онлайн каналы бар. Қазақстан "Контентті хабардар етудің ішкі жүйесінің" бір бөлігіне айналды", - деп жазды Джордж Чен Facebook парақшасында.
Бұған дейін Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Meta(Facebook) компаниясымен келісімге келгенін хабарлады. Министр Аида Балаеваның хабарлауынша, министрлік Meta компаниясымен жағымсыз контентке, әсіресе балаларға зиянды ақпаратқа қарсы тұруда өзара ынтымақтастық орнату жөнінде келісімге келді.
Алайда артынша Facebook әлеуметтік желісіне иелік етуші Meta Platforms (FB.O) компаниясы Қазақстан үкіметінің әлеуметтік желі контенті туралы есеп жүйесіне эксклюзивті қолжетімділік алғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
"Біріншіден, біз Қазақстан үкіметімен бірлескен мәлімдеме жасаған жоқпыз, оның орнына Қазақстан үкіметі талқылауларға негізделген өз мәлімдемесін жариялады. Біз оларға жергілікті заңнаманы бұзатын контентті шектеу жөніндегі үкіметтің сұрауларын жаһандық өңдеу процесі жайлы айтып бердік", - деді Meta Platforms компаниясының Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі саяси коммуникациялар жөніндегі директоры Бен МакКонаги (Ben McConaghy) Reuters агенттігіне жолдаған хатында.
Осыдан кейін Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстан мен Facebook-тің бірлескен мәлімдемесі Қытай, Моңғолия және Орталық Азия өңірі бойынша Meta кеңсесінің басшылығымен келісілгенін айтты.
03 қараша 2021 ж. 684 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 29

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031