Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сурдлимпиада ойындары: Қазақстанның қоржынына жетінші алтын түсті

Сурдлимпиада ойындары: Қазақстанның қоржынына жетінші алтын түсті

Андрей Самарин Сурдлимпиада чемпионы атанды
Сурдлимпиада ойындары: Қазақстанның қоржынына жетінші алтын түсті
Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Токиода өтіп жатқан XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында қазақстандық балуан Андрей Самарин грек-рим күресінен алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Туризм және спорт мнистрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше 67 келі салмақ дәрежесінде финалдық белдесуде ол ирандық палуан Мехди Бакшыны 11:1 есебімен жеңіп, Сурдлимпиада чемпионы атанды.
«Ақтық сынға дейін Андрей жоғары деңгейдегі өнер көрсетті. Алғашқы айналымда қырғызстандық Дінмұхамед Бигелдиевті 5:2 есебімен ұтса, ширек финалда болгариялық Дилиан Димитровты 8:0, ал жартылай финалда армениялық Жора Грегориянды да 8:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді», - деп жазылған хабарламада.
Андрей Самарин – Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылының тумасы. Жасы – 21-де. Ол 2023 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы, сондай-ақ 2024 жылы Малайзияда өткен Х Азия–Тынық мұхит ойындарының чемпионы атанған.
Осы жеңістің нәтижесінде Қазақстан құрамасының қоржынындағы медаль саны 14-ке жетті. Оның ішінде 7 алтын, 2 күміс және 5 қола жүлде бар.
Айта кетері, биылғы Сурдлимпиада ойындары 15–26 қараша аралығында Токио қаласында өтіп жатыр. Бұл – есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын ең беделді халықаралық жарыс. Байрақты бәсекеге 81 елден келген 3000-ға жуық спортшы қатысып, 21 спорт түрінен 209 дисциплинада жүлделерді сарапқа салып жатыр. Қазақстан құрамасының намысын 78 спортшы 8 спорт түрінен қорғайды.



22 қараша 2025 ж. 25 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930