Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұманғарин ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру мәселесіне пікір білдірді

Жұманғарин ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру мәселесіне пікір білдірді

Фото: pixabay
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин 2025 жылдың 19 қарашасында Сенатта өткен брифингте Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшерін қашан қайта қарау мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, ең алдымен бұл көрсеткішті есептеу әдістемесін нақтылау қажет, себебі елімізде орташа жалақы және медиандық жалақы деген түсініктер бар.
"Кейбіреулер ең төменгі жалақы мөлшері медиандық жалақының шамамен 45-50%-ын құрауы керек деп айтады. Осы тәсілдердің бәрін алдын ала анықтап, тұрақты жүйе қалыптастыру қажет. Бірде көтеріп, бірде көтермей, түрлі жағдайға байланысты өзгермеуі тиіс. Мұны жоспарлы негізге қою керек. Ол үшін бюджет кірістерін ұлғайтып, тиімсіз шығындарды қысқарту арқылы фискалдық консолидация жүргізу қажет", – деді Жұманғарин.
Ол 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында салық және бюджет реформасының қалай іске асырылатыны талданатынын атап өтті. Дәл осы кезеңде 2027–2029 жылдарға арналған бюджет қалыптасады және сол кезде ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру мәселесі қаралады.
Журналистердің "ең төменгі жалақы мөлшері болашақ салық реформасына тәуелді ме?" деген сұрағына ол бұл көрсеткіштің, әрине, бюджет кіріс бөлігінің мүмкіндіктеріне байланысты анықталатынын айтты.
19 қараша 2025 жылы ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин инфляцияны тұрақтандыру бойынша жоспарланған шараларды да түсіндірді.
20 қараша 2025 ж. 113 0

Қытайда жер сілкінді

20 қараша 2025 ж. 102

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930