Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бұдан былай халықтың нақты табысы артатын болады

Бұдан былай халықтың нақты табысы артатын болады

Өйткені, оны инфляциядан қорғаудың 3 жылдық бағдарламасы қабылданып отыр. 
Фото: ЖИ
Бұл – Үкіметтің, Ұлттық Банктің және Қаржы нарығын реттеу агенттігінің макроэкономикалық тұрақтандыру мен ел-жұрттың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен бағдарламасы, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Бағдарлама еліміздің алдағы 3 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі міндеттерін шешуге бағытталған. Халықтың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатын арттыру экономиканың сапалы әрі орнықты өсуі және инфляцияны төмендету есебінен қамтамасыз етіледі, – деді Үкімет басшысы Олжас Бектенов. 
Жалпы, бағдарлама экономиканың жыл сайынғы өсімін кемінде 5%-ға көбейтеді және халықтың нақты табысын орта есеппен 2-3%-ға арттыруға мүмкіндік сыйламақ.
– Жаңа инвестициялық циклды іске қосу, бизнеске бөгет болатын кедергілерді жойып, мемлекеттің экономикадағы үлесін барынша азайтады. Сондай-ақ, жұмыспен қамтуға жәрдемдесіп, әлеуметтік қолдауды нақты иесіне жеткізуге мүмкіндік береді.
Инфляцияны төмендетуге, теңгерімді тарифтік саясатты жүргізуге, экспортты ұлғайтуға және импортқа тәуелділікті төмендетуге баса назар аударылады, – деп қоса кетті Премьер-министр.
Бағдарламаның әр бағытын нақты жүзеге асыру Премьер-министрдің орынбасарларына тапсырылған. 
Бұған дейін Олжас Бектенов "Бізде жанармай көршілерге қарағанда әлдеқайда арзан"  деп мәлімдеген еді.
19 қараша 2025 ж. 34 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930