Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚМДБ қыздар қолданатын кей коллагеннің харам екенін ескертті

ҚМДБ қыздар қолданатын кей коллагеннің харам екенін ескертті

Фото: Ru.freepik.com
Қыз-келіншектер сұлулығы үшін қолданатын коллагеннің бәрі бірдей шариғатқа сай емес болып шықты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесі соңғы уақытта кең тараған өнімді қолдануға қатысты арнайы пәтуа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
“Қоспалардың шариғатқа сай немесе сай еместігі оның шикізатына тікелей байланысты. Мәселен, шошқа өнімдерінен немесе шариғат жолымен бауыздалмаған жануардан алынған коллаген харам болып есептеледі. Ал адал жолмен сойылған сиыр мен қойдың, сондай-ақ балықтың негізінде жасалған түрлерін ішуге рұқсат бар”, – дейді басқарма өкілдеі.

ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлының айтуынша, қазір коллаген косметикаларда, тағамдарда қоспа ретінде қолданылады. Егер шошқадан алынса, еті желінбейтін жануардан алынса немесе еті желінетін, бірақ шариғатқа сай бауыздалмаған жануардан алынған болса ондай коллагенді қолдануға болмайды.

Ал егер балықтан алынса, еті желінетін жануарлар шариғатқа сай бауыздалса, бұл шариғақа сай, қолдануға рұқсат болады дейді.
19 қараша 2025 ж. 138 0

Тарихтан жеткен тағылым

03 наурыз 2026 ж. 173

Жылдам байлық иллюзиясы

03 наурыз 2026 ж. 76

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031