Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы күндері қандай спорттық жарыстар өтеді?

Алдағы күндері қандай спорттық жарыстар өтеді?

Фото: depositphotos.com
Туризм және спорт министрлігі 16–22 маусым аралығында өтетін жарыстар кестесін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
  • 16–23 маусым аралығында семсерлесуден Азия чемпионаты өтеді. Ел құрамасынан 23 спортшы қатысады. Өтетін орны: Нуса Дуа қаласы, Индонезия.
  • 16–23 маусым аралығында көркем гимнастикадан юниорлар арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Жарыста отандық 7 спортшы бақ сынайды.  Өтетін орны: София қаласы, Болгария.
  • 16–24 маусым аралығында жағажай волейболынан Азия чемпионаты өтеді. Турнирге Қазақстан құрамасы да қатысады. Өтетін орны: Рой-Эт қаласы, Таиланд.
  • 18–19 маусым аралығында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында Азия чемпионаты өтеді. Ел намысын 30 палуан қорғайды.  Өтетін орны: Вунгтау қаласы, Вьетнам.
  • 18–21 маусым аралығында спорттық гимнастикадан ерлер арасындағы Әлем кубогі кезеңі өтеді. Жарысқа отандық 6 гимнаст қатысады. Өтетін орны: Ташкент қаласы, Өзбекстан.
  • 18–26 маусым аралығында пара пауэрлифтингтен Әлем кубогі өтеді. Қазақстан құрамасынан 10 спортшы сынға түседі. Өтетін орны: Бейжің қаласы, Қытай.
  • 20–21 маусымда велотректен халықаралық жарыс өтеді. Турнирде 4 велошабандозымыз өнер көрсетеді. Өтетін орны: Котбус қаласы, Германия.
  • 21–22 маусымда жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді. Қазақстан құрамасынан 2 спортшы қатысады. Өтетін орны: Ташкент қаласы, Өзбекстан.
16 маусым 2025 ж. 199 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031