Қызылордада «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық фольклорлық-музыкалық өнер фестивалі өтті


«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы күні кеше Әзербайжан Республикасының Габала қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының 12-ші саммитінде: «Түбі бір түркі жұртының тарихы тамырлас, халықтарымызға ортақ сан ғасырлық шежіреміз бар деп үнемі айтып жатырмыз. Мұның бәрі – берекелі бірлігіміз бен мәңгілік ынтымағымыздың алтын арқауы», – деген болатын.Бауырлас халықтардың рухын көтеру, фольклорлық-музыкалық өнерін дәріптеу, өзара мәдени байланысын нығайтуда фестивальдің маңызы зор.Қорқыт баба мұраларының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы ЮНЕСКО-ның ғаламдық материалдық емес мұралар тізіміне енгізілуі – жылдар бойы бірлесіп атқарған жұмысымыздың нәтижелі жемісі.Күллі түркі дүниесінің назарын өзіне аударған, кең даланы жырға бөлеп, нұрға толтырған бұл дәстүрлі өнер мерекесі – ұлттық рухымыздың, түркі жұртының мәңгілік мұрасы мен мәдени сабақтастығының жарқын көрінісі. Түркі халықтарының бірлігі мен рухани тұтастығы нығая берсін! Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, егемендігі еңселі болғай!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Концертте әйгілі жыраулар мен жыршылардың қайталанбас мақамдарын бүгінге жеткізген, ұлттық өнеріміздің шынайы насихатшыларына айналған Сыр сүлейлерінің ізбасарлары Елмұра Жаңаберген, Ұлжан Байбосынова, Ақмарал Ноғайбаева, Шолпан Бимбетова, Майра Сәрсенбаева, Серік Жақсығұлов, Күнсұлу Түрікпен, Бисембек Төлеубай және Жетісу жыр мектебінің түлегі Нұржан Жанпейісов, Арқа мектебінің өкілі Біржан Есжанов, Салтанат Ерсұлтан жырдан шашу шашты.
Ресей Федерациясының Алтай Республикасынан келген Урмат Ынтаев, Айдын Орсулов табиғатқа, ата-баба рухына және ерлік жырларына негізделген көшпелі халықтың әуені өз болмысын жоғалтпағанын тағы бір көрсетті. Көмеймен айту өнері мен топшур, қобыз сияқты көне аспаптардың үні Алтай халықтарында әлі күнге дейін сақталған. Бұл әуендер таудың желін, өзен суының сылдырын және малшы өмірінің тынысын бейнелейді.


Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі