Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өмірін өзгелер үшін қиған ер

Өмірін өзгелер үшін қиған ер

2025 жылдың шілде айы. Әйтеке би кентіндегі бір қарапайым еңбек күні мәңгі естен кетпес қайғылы сәтке айналды. Бірақ дәл сол күні нағыз ерліктің, адамдықтың, рухтың не екенін баршаға дәлелдеген азамат болды – ол «Қазалы Су сервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының қызметкері Бауыржан Нысанжанұлы.
Я.Михайлюк көшесінің бойындағы кәріз жүйесі құдығында ақау шыққан. Күнделікті жұмыс, әдеттегі жөндеу. Бірақ тағдыр сол сәтте Бауыржанның қайсарлығын сынамақ болды. Ақауды жою кезінде күтпеген қауіп туындап, әріптестері Б.Қ.Таңатаров пен А.Тұрмаханұлы құдық ішінде ауа жетпей тұншыға бастаған. Сол мезетте Бауыржан еш ойланбастан, өз өмірін қатерге тігіп, алдымен олардың аман шығуына бар күшін салды.
Ол өз өмірін қию арқылы екі бірдей азаматтың өмірін сақтап қалды.
Бауыржан – ашық жарқын мінезді, елгезек, еңбексүйгіш азамат болатын. Әріптестері оны «үндемей жүріп үлкен іс атқаратын» деп еске алады. Үйінде – асқар тау әке, асыл жар. Ал жұмыста – сенімді серік, нағыз азамат. Сол бір сәтте оның бойындағы батырлық жүрегінде оянды. Өзін емес, өзгелерді ойлады. Бұл – нағыз ердің ісі.
«Жалғыз жұмысында емес, ағайын, ел ортасында ақылшы, беделді болды. Бәрі кеңес сұрап жүретін. Өте сақ қырағы, епті еді» дейді оны сағынышпен еске алған жары Айнұр.
Қазалы ауданы әкімдігі оның ерлігін ескеріп, Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаментіне «Ерлігі үшін» медалімен марапаттауға ұсыныс жасады. Оның есімі ел жадында қалсын деген ізгі ниеттен туған шешім-тін.
Бауыржан Меңдібайдың ерлігі – тек бір сәттік батырлық емес, өмірлік өнеге. Ол артында балалары мен туыстарына, әріптестері мен барша қауымға үлкен аманат қалдырды: адамның ең ұлы ісі – өзгенің өмірі үшін өз басын тәуекелге тігу.
Қарапайым еңбек адамының ерлігі – батырлықтың ең биік шыңы. Бауыржанның есімі енді мәңгі ел есінде қалады. Оның рухына тағзым етіп, артында қалған отбасына ел болып демеу көрсету – баршамыздың азаматтық борышымыз.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
11 қазан 2025 ж. 264 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 34

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031