Ғарышқа қазақ қызы ұшты

Жағымды жаңалық туралы «Blue Origin» компаниясы өз сайтында ғарышқа ұшатын экипаждың құрамын жариялады. Экипаж құрамындағы таңдалған алты адамның қатарында қазақстандық Данна Қарақұсова да бар.
Данна кім?
Алматы қаласының тумасы Данна Қарағұсова – танымал кәсіпкер. 43 жастаға ел азаматы 25 жылдан бері кәсіпкерлік саласымен айналысып келеді. «Blue Origin» компаниясы
Қарағұсованы «First Media Group» (FMG) маркетинг холдингінің негізін қалаушы деп көрсеткен. 2018 жылғы желтоқсанға дейін жалғыз құрылтайшысы әрі жетекшісі болғанын көрсеткен. Ал фирманың ресми сайтында компанияның негізін қалаушы Бенедиктас Гилис делінген. Қарағұсова негізін салған «First media group» маркетинг холдингі жақында Алматыда өткен Джей Ло, Backstreet Boys тобының концертін ұйымдастырушы. 2018 жылдан бері компания ел қазынасына 489 миллион теңге салық төлеген.
2018-2023 жылдары «Аstalko»-ға иелік еткен.
Миссия сайтында жарияланған экипаж құрамы туралы мәліметте Данна Қарағұсова 25 жылдан астам уақыт бойы медиа, дистрибуция және түрлі шараларды ұйымдастырумен айналысқаны айтылады. Кәсіпкерліктен бөлек, Қарағұсова альпинист ретінде де танымал. Бұған дейін Килиманджаро мен Эльбрусты бағындырған. Шыңға шығуды ішкі күшін сынаудың бір амалы деп қарастырады екен.
Данна блогер Бейбіт Әлібеков екеуінің Айтуар, Алдияр есімді ұлдары және Айлин деген қызы бар. Қазір екеуі бөлек тұрса да, Бейбіт Әлібеков Даннаның сапарына сәттілік тілеген.
«Балаларымның анасы 8 қазанда ғарышқа ұшады. Данна – Blue Origin-мен Қазақстаннан ғарышқа ұшатын алғашқы турист. Оған сәттілік тілейміз», – деп жазған ол жазбасында.
Қалың жұртшылыққа арудың тегі таныс. Оның анасы Гүлжан Қарағұсова еңбек министрі, халық қалаулысы болған белгілі саясаткер. Даннаның үлкен бауыры Фархад Қарағұсов «Орталық құнды қағаздар депозитарийі» директорлар кеңесі құрылтайшыларының бірі. «Sky Bridge Capital» инвестициялық компаниясы төрағасының құқық мәселелері жөніндегі орынбасары. 2014 жылдан бері Каспий университетінің бас ғылыми қызметкер.
Роман – Павлодар облысы мәслихатының депутаты болған. 2018 жылдан 2022 жылға дейін «Алюминий Қазақстан» компаниясын басқарған.
Экипаж немен ұшты?
Экипаж мүшелерін ғарышқа жеткізетін «New Shepard» кемесінің көп рет қолданылатын зымыран-тасығышта сутегі мен оттегіге негізделген сұйық отынды BE-3 қозғалтқышы бар. Ол автономды капсуланы алып шығып, кейін тігінен өз күшіне сүйеніп жерге қайта қонуға арналған. Капсула апогейге жеткенде бөлініп шығып, экипажға шамамен бес минуттай микрогравитацияны сезінуге мүмкіндік береді.
Дегенмен бұл сапардағыларға «ғарышкер», «астронавт» мәртебесі берілмейді. Космостық туризм аясында оларды «ғарыш сапарына қатысушылар» деп аталады.
Зымыран капсуласы Жер орбитасына шыға алмағанымен, АҚШ жүйесінде мұндай миссия ғарышқа ұшу ретінде есептеледі. Өйткені капсула Карман сызығынан — Жер атмосферасы мен ғарыш арасындағы шартты шекарадан жоғары көтеріледі. Бұл биіктік – 100 шақырым.
Бортда ұшқыштар болмайды, аппараттар толықтай автономды басқарылады.
Талап пен таңдау
Ғарышқа сапар үшін сайттан орын броньдауда талапкер өзі туралы сауалнамада барлық ақпаратты енгізеді. Өтінім білдіруші жасы 18-ден асуы, бойы 152-193 сантиметр аралығында болуы, салмағы 50-ден кем және 101 кг-дан аспауы қажеттігі талап етіледі. 152-ден кіші не 193-тек ұзындар қабылданбайды. Созылмалы ауруы барлар және биіктіктен қорқатындарға ұшу рұқсат етілмейді. Бұл сапар кезінде адам биіктігі 21 метрден асатын «New Shepard» капсуласының отырғызу мұнарасының ең төбесіне 90 секундта міне алатындай болуы қажет. 40-90 минут жартылай жатып баруға дайын болып, қауіпсіздік белдігін 15 секундтан аз уақыт ішінде өз бетінше киіп-шеше алу керек.
Айтулы оқиға
NS-36 миссиясы – «New Shepard» бағдарламасының жоспарлы он бесінші сапары. Жоба аясында «Blue Origin»-нен ғарышқа 75 адамды көтерілген. Соның ішінде бес тұрақты клиентін ғарыштың халықаралық деңгейде мойындалған шекарасы – Карман сызығына дейін жеткізген.
Компания кей тұлғаларды, әсіресе танымал әнші, актерларды тегін шақырады.
Джефф Безостың өзі 2021 жылы компанияның алғашқы адам басқаратын рейсіне ұшқан. «Good Morning America» бағдарламасының жүргізушісі Майкл Страхан мен «Star Trek» актері Уильям Шатнер де Безостың зымырандарының бірімен ғарышқа аттанған.
Virgin Galactic негізін қалаушы Ричард Брэнсон өзінің «Virgin Galactic» компаниясының VSS Unity ғарыш кемесімен 2021 жылдың шілдесінде ұшқан.
2025 жылғы NS-36 миссиясымен ғарышқа ұшатын экипаждың құрамында Даннадан бөлек бизнесмен Джефф Элгин, инженер III Клинт Келли, сериялық стартаптың негізін қалаушы Аарон Ньюман, украиндық кәсіпкер Виталий Островский және аты-жөнін жасырған адам болды. Белгілі болғандай, ол екінші рет ғарышқа ұшып отыр.
РБК басылымының мәлімдеуінше, ғарышқа ұшатын билет құны – 250 мың доллар.
Көктегі сапар
«Blue» компаниясының «New Shepard» зымыранымен NS-36 миссиясы аясында орбитаға көтерілді.
Дана Instagram-дағы парағы ғарышқа сапары жайлы былай деп жазды:
«Адамзаттың болашағы ғарышпен байланысты. Жаңа көкжиектерді бағындыру арқылы біз технологияларды ғана дамытып қоймай, жеке мүмкіндігіңізді кеңейте түсеміз. Мен үшін Blue Origin-нің NS-36 миссиясы – зерттеу жобасының бір бөлігі, сонымен бірге ұзақ жылдар бойы талпынып келе жатқан арманыма жақындай түсу», – деп жазған ұшу сапарының алдында.
Онымен қоса Данна Сергейқызы
Қзақстандық Данна Қарағұсова құрамына кірген коммерциялық экипажы бар «New Shepard» ғарыш кемесі суборбитальды рейсте ұшырылды.
NS-36 экипажының құрамы New Shepard Ван Хорн маңындағы Corn Ranch ұшыру алаңынан 9:41-де ұшырылды. Ұшу шамамен 10-11 минутқа созылды.
Ұшуға дейін Данна Қарағұсова ғарыш кемесінің кабинасынан түсірілген суреттерді Instagram-да бөлісті.
Карман сызығы – Жер атмосферасы мен ғарыш кеңістігі арасындағы шекара ретінде шартты түрде қабылданған теңіз деңгейінен биіктік. Халықаралық аэронавтика федерациясының (FAI) мәліметінше, бұл желі 100 шақырым биіктікте орналасқан. Сондықтан капсула жолаушылары орбиталық ұшуды орындамай-ақ астронавт атағын ала алады.
Төмен түскеннен кейін капсула өзінің парашют жүйесі арқылы жұмсақ қону жасаған. NS-5 зымыран тасығышы ұшыру алаңының жанындағы круиздік қозғалтқышының көмегімен тәуелсіз түсуді және тік қонуды орындады.
АҚШ-тың Техас штатынан шыққан ғарыш кемесі 107 шақырым биіктікке жеткен. Сапар 10 минут 21 секундқа созылды.
Бұл оқиғаның бір ерекшелігі – миссия эмблемасында Қазақстан таулары бейнеленіп, Данна Қарағұсованың туған жеріне құрмет көрсетті. Осылайша, Данна Қарағұсова — Қазақстаннан шыққан алғашқы ғарыш туристі әрі еліміздің атынан ғарыш кеңістігін бағындырған тұңғыш әйел ретінде ел тарихты жаңғыртты.
Дайындаған Көркем АЙБАС