Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның 5 жоғары оқу орны әлемдік рейтингке енді

Қазақстанның 5 жоғары оқу орны әлемдік рейтингке енді

Фото: istockphoto.com
Қазақстан жоғары білім беру саласында алғаш рет әлемдік көшбасшылардың қатарына қосылды: Times Higher Education World University Rankings 2026 рейтингінде бірден бес отандық жоғары оқу орны жаһандық тізімге енді. Ең басты жетістік – Назарбаев университетінің 401-500 диапазонына кіруі, бұл – қазақстандық жоғары оқу орындарының халықаралық рейтингтер тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.

Ғылым және жоғары білім министрлігің ақпаратынша, 2026 жылғы нәтижелер бойынша Қазақстан Орталық Азия мен Кавказ елдері арасында ең көп оқу орны енген мемлекетке айналды. Биыл рейтингке бес қазақстандық университет енді, олардың ішінде Nazarbayev University алғаш рет әлемдік топ-500 қатарына көтерілді. Сонымен қатар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өз орнын 1201-1500 диапазонында сақтап қалды. Сондай-ақ тізімге Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Satbayev University және Қазақ аграрлық зерттеу университеті енді. Осылайша, ел жоғары оқу орындарының саны бойынша ғана емес, сапасы бойынша да өз позициясын күшейтті.

2026 жылы Орталық Азия мен Кавказ аймағынан рекордтық көрсеткіш – бес елдің 17 университеті рейтингке енді. Times Higher Education сарапшыларының айтуынша, Орталық Азия мен Кавказ әлемдік академиялық кеңістікте «жаңа тартылыс орталығына» айналып келеді. Егер 2020 жылы рейтингте өңірдің үш университеті болса, бүгінде олардың саны алты есеге жуық артқан.

World University Rankings – бұл зерттеу университеттерінің ең ірі және теңгерімді халықаралық рейтингі. Әдістеме 18 көрсеткішке негізделген, олар бес бағыт бойынша топтастырылған:

Оқыту (Teaching) – білім беру сапасы мен академиялық бедел;
Зерттеу ортасы (Research Environment) – табыс, өнімділік және зерттеу беделі;
Зерттеу сапасы (Research Quality) – дәйексөз келтірілуі, зерттеу күші мен ықпалы;
Халықаралық бағдар (International Outlook) – шетелдік студенттер, қызметкерлер және жарияланымдар үлесі;
Индустриямен байланыс (Industry) – өнеркәсіппен өзара әрекет және патенттік белсенділік.
Бағалау барысында 19 миллион ғылыми жарияланым, 1,5 миллион сарапшының пікірі және 3 мыңнан астам университеттің институционалдық деректері ескерілді.

09 қазан 2025 ж. 294 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 132

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 124

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031