Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар 31 желтоқсанды демалыс күні деп жариялауды сұрады

Қазақстандықтар 31 желтоқсанды демалыс күні деп жариялауды сұрады

Қазақстандықтар 31 желтоқсанды демалыс күні деп жариялауды сұрады
Фото: Midjourney
Әлеуметтік желілерде 31 желтоқсанды ресми демалыс күні деп жариялау туралы талқылау қайта қызыды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақастандықтар не дейді?
Желі қолданушысы жазба жариялап, бұл мәселеге қатысты қазақстандықтардың пікірін сұраған.

"Кім 31 желтоқсанды демалыс күні деп жариялауды қолдайды? Негізі бәрібір ешкім жұмыс істемейді, жұмыста жай отырамыз, ал үйде істейтін шаруа, дайындық бар", - деп жазды автор.

Скриншот: Threads
31 желтоқсанның мәртебесі туралы пікірталас толастар емес. Бірі мерекеге сабырмен дайындалу үшін қосымша демалыс күнін сұраса, екіншілері дәрігерлер, көлік, дүкендер мен жедел қызметтер жұмыс істеуі тиіс екенін еске салады.
Еңбек министрлігінің ұстанымы
Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ресми сауал жолдаған едік. Ведомство 31 желтоқсан мемлекеттік мерекелер тізіміне кірмейтінін еске салды.
Министрлік түсіндірмесі:
Қазақстанда демалыс күндері тек мемлекеттік және ұлттық мерекелер болып саналады. Жаңа жыл 1 және 2 қаңтарда тойланады;
жұмыс берушілер 31 желтоқсандағы жұмыс күнін өз қалауы бойынша қысқарта алады;
31 желтоқсанды ресми демалыс күні ету үшін заңға өзгеріс енгізіп, бұл мәселені үкімет деңгейінде қарастыру қажет.
"Азаматтардың демалысқа конституциялық құқығын сақтау және жұмыспен қамтылған халықтың басым бөлігінің әлеуметтік мүдделерін ескеру мақсатында 31 желтоқсанды демалыс күні ретінде бекіту орынды емес деп санаймыз", – делінген жауапта.
Сонымен қатар министрлік демалыс күндерін ауыстыру мүмкін екенін, бірақ мұндай шешімдер күнтізбе мен экономикалық жағдайға байланысты алдын ала қабылданатынын нақтылады.
09 қазан 2025 ж. 654 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 128

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 122

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031