Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Полиция ескертеді: ресми айыппұл туралы хабарламалар тек 1414 нөмірінен келеді

Полиция ескертеді: ресми айыппұл туралы хабарламалар тек 1414 нөмірінен келеді

Полиция интернет-алаяқтардың нысанына автокөлік иелері іліге бастағандығы туралы ескертті.
Фото: iStock
Полиция қызметкерлері интернет-алаяқтардың нысанына автокөлік иелері іліге бастағандығы туралы ескертті, - деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Соңғы уақытта түрлі елдерде жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жалған айыппұлдар жіберуге байланысты интернет-алаяқтықтың жаңа түрі тіркеліп отыр.

Қаскөйлер автокөлік иелеріне электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы хаттар мен хабарламалар жібереді. Онда жүргізушінің жеке деректері, көлік нөмірі және "айыппұлды төлеуге арналған" сілтеме көрсетіледі. Алайда бұл – фишингтік шабуыл. Егер адам банк картасының деректерін енгізсе, алаяқтар оның есепшотына қол жеткізеді. Кей жағдайларда сілтемелер арқылы жеке деректерді ұрлайтын вирустар да таралады. Мұндай шабуылдар АҚШ пен Ресейде тіркелген, ал енді олардың Қазақстанда таралу қаупі бар, – деді Алматы қаласы ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Әнес Қалдыбаев.

Полиция еске салады: ресми айыппұл туралы хабарламалар тек 1414 қысқа нөмірінен келеді және ешқашан төлем жасауға арналған сілтемелерді қамтымайды.

Айыппұлдарды egov.kz, qamqor.gov.kz сайттарында немесе банктердің мобильді қосымшалары арқылы тексеруге болады.

Егер Сізге күмәнді хабарлама келсе: • сілтемелерге өтпеңіз және тіркелген файлдарды ашпаңыз; • ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеріңіз; • егер карта деректерін енгізіп қойған болсаңыз – дереу картаңызды бұғаттап, банкке және полицияға "102" нөмірі арқылы хабарласыңыз. Сақ болыңыздар және жақындарыңызды да ескертіңіздер!, - делінген хабарламада.
09 қазан 2025 ж. 166 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 133

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 124

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031