Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » +25°С-тан -13°С-қа дейін: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

+25°С-тан -13°С-қа дейін: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Фото: ©Pixabay.com
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2025 жылғы 7, 8 және 9 қазан күндеріне арналған Қазақстанның үш ірі қаласы – Алматы, Астана және Шымкент бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Егер Шымкентте күн +25°С-қа дейін жылынса, елорда мен Алматы тұрғындары аязды сезінеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Астана
7 қазан: бұлтты, жауын-шашын болмайды. Күндіз желдің екпіні 7-12 м/с дейін жетеді. Түнде -0…-2°С, күндіз +10…+12°С.
8 қазан: бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -2…-4°С, күндіз +7…+9°С.
9 қазан: бұлтсыз ауа райы сақталады, желдің жылдамдығы шамамен 10 м/с. Түнде -2…-4°С, күндіз +10…+12°С.
Алматы
7 қазан: ауа райы бұлтты, жауын-шашын жоқ. Түнде -1…-3°С шамасында аздаған үсік, күндіз +14…+16°С.
8 қазан: жауын-шашынсыз. Түнде +1…+3°С, күндіз +13…+15°С.
9 қазан: бұлтты, жел 3-8 м/с. Түнде +3…+5°С, күндіз +15…+17°С.
Шымкент
7 қазан: Аспан ашық, жауын-шашынсыз. Жел екпіні – 5-10 м/с. Түнде +6…+8°С, күндіз +23…+25°С.
8-9 қазан: Ала бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Желдің екпіні 13 м/с дейін күшейеді. Түнде +8…+10°С, күндіз +23…+25°С.
Сондай-ақ синоптиктердің хабарлауынша, алдағы үш күнде елдің солтүстік және шығыс өңірлерінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болып, түнде ауа температурасы -13°С-қа дейін төмендеуі мүмкін. Ал қалған аймақтарда ашық, жылы және жауын-шашынсыз күн райы сақталады.
06 қазан 2025 ж. 263 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 128

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 122

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031