Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде e-Sport цифрлық платформасы іске қосылады

Елімізде e-Sport цифрлық платформасы іске қосылады

Фото: gov.kz
Туризм және спорт министрлігі «Дене шынықтыру және спорттың цифрлық платформасы» (e-Sport) ақпараттық жүйесін іске қосу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды turkystan.kz.
Аталған платформа спортшылар, жарыстар және спорттық нысандар туралы мәліметтерді қамтитын бірыңғай ақпараттық портал ретінде қызмет атқаратын болады.
Негізгі міндеттерге мыналар жатады:
• спортшылардың, жаттықтырушылардың, төрешілер мен әдіскерлердің бірыңғай дерекқорын қалыптастыру;
• спорттық біліктілікті және спорт ұйымдарына мүшелікті электрондық форматта растау;
• спорттық-бұқаралық іс-шаралардың электрондық күнтізбесін жүргізу;
• спорт нысандарының бірыңғай тізілімін қалыптастыру;
• мемлекеттік қызметтерді проактивті цифрлық форматқа көшіру.
Пилоттық режимде спортшы, жаттықтырушы және төрешілердің электрондық паспорттарының, іс-шаралар күнтізбесінің, сондай-ақ спорт ғимараттары тізілімдерінің модульдері іске қосылды. Қазіргі уақытта спорт федерацияларымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүйені деректермен толықтыру және оның функционалын тестілеу жүргізілуде. Бүгінде платформада 83 федерация мен 50 ұйым жұмыс істеуде.
Бұл ретте спорттық атақтар беру тәртібі өзгеріссіз қалады және ол 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрықпен бекітілген ережелермен реттеледі. Аталған құжат атақтың жарамдылығын растайды әрі куәлік жоғалған жағдайда оны қалпына келтіруге негіз болады. Куәлікті қайта қалпына келтіру үшін Спорт және Дене шынықтыру істері комитетіне жазбаша өтініш беру қажет.
03 қазан 2025 ж. 248 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 38

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031