Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Медициналық ұйымдардағы дәрі-дәрмек қоры зерделенді

Медициналық ұйымдардағы дәрі-дәрмек қоры зерделенді

Бүгін «AMANAT» партиясының аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы Қазалы темір жол ауруханасында дәрі-дәрмек қоры мен медициналық қызмет сапасына байланысты мониторинг жүргізді.

Іс-шараға партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Әділбек Сарабеков, сондай-ақ аудандық мәслихат депутаты, комиссия мүшесі Арғын Орымбаев қатысты. Зерделеу барысында дәрі-дәрмектің жеткіліктілігі, олардың сақталу тәртібі мен толықтырылу жайы қаралды.

Аурухана басшылығы қажетті препараттар қоры жеткілікті екенін мәлімдеді. Сонымен қатар комиссия мүшелері медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайымен танысып, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасы бойынша пікір алмасты. Қорытындысында комиссия өкілдері халыққа қолжетімді әрі сапалы медициналық қызмет көрсету «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

#AMANAT
30 қыркүйек 2025 ж. 198 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031