Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Былтыр Қазақстанда 231 мыңнан астам адам онкологияға қатысты бақылауда болған – ДСМ

Былтыр Қазақстанда 231 мыңнан астам адам онкологияға қатысты бақылауда болған – ДСМ

Дегенмен, өлім-жітім әлдеқайда азайған
Былтыр Қазақстанда 231 мыңнан астам адам онкологияға қатысты бақылауда болған – ДСМ
Фото: istockphoto.com
Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес, 2024 жылы 231 мыңнан астам онкологиялық пациент динамикалық бақылауда болған, деп хабарлады Azattyq Rýhy.
Соңғы бес жылда ракқа шалдыққандар 18%, алғаш рет анықталған жағдайлар 39% өскен. Дегенмен өлім көрсеткіші 16,5% төмендеді.
«Диагностика мен емдеудің тиімділігін арттыру үшін ядролық медицинаны дамыту жөніндегі жол картасы қабылданды. Ол ұйымдастырушылық және инфрақұрылымдық іс-шараларды, заңнаманы жетілдіруді, жаңа диагностикалық және тераностикалық технологияларды енгізуді, радиофармпрепараттар өндірісін кеңейтуді және мамандар даярлауды қамтиды. Қазіргі таңда ПЭТ-аппараттардың басым бөлігі (16-ның 12-сі) Астана мен Алматыда орналасқан. 2028 жылға қарай олардың саны 27-ге жетеді деп күтіледі», - деп хабарлайды ДСМ.
Дереккөзге сүйенсек, бес ірі қалада радионуклидтік терапияға арналған 100-ден астам белсенді палата ашылады.
«Бүгінде елімізде йод-131 арқылы ем жүргізетін 23 палата бар, ал қажеттілік 101-ді құрайды. 2028 жылға дейін олардың саны 98-ге артып, пациенттердің 48%-ын қамтуға мүмкіндік береді. Жаңа терапия түрлері де кезең-кезеңімен енгізіледі: 2028 жылдан бастап — лютеций-177, 2029 жылдан бастап — самарий-153, 2031 жылдан бастап — актиний-225 қолданылмақ», - деп хабарлайды министрлік.



30 қыркүйек 2025 ж. 179 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 39

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 127

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031