Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Испанияда қатты ыстықтан мыңнан астам адам қайтыс болды

Испанияда қатты ыстықтан мыңнан астам адам қайтыс болды

Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1035 пайызға көп
Испанияда қатты ыстықтан мыңнан астам адам қайтыс болды
Фото:
istockphoto.com
Испанияның Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылдың 16 мамыры мен 13 шілдесі аралығында болған аптап ыстықтан елде мыңнан астам адамның қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
SRN News басылымының мәліметінше 2025 жылдың маусымы Испанияның метеорологиялық бақылау тарихындағы ең ыстық ай болды.
«Карлос III институтының MoMo жүйесі (күнделікті өлім-жітімді бақылау жүйесі) 2025 жылдың 16 мамыры мен 13 шілдесі аралығында аптап ыстықтан қайтыс болған 1180 адамды тіркеді. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1035 пайызға артық, ол кезде 114 өлім тіркелген», - делінген материалда.
Сонымен қатар портал аталған мерзімде қауіптің қызыл деңгейі ел бойынша 76 рет қосылғанын атап өтті.
Ресми статистикаға сәйкес аптап ыстықтан көз жұмғандардың 95 пайызы 65 жастан асқан, басым бөлігі – әйелдер. Сондай-ақ 10 адам ыстық өткеннен қайтыс болған. Оның бесеуі қарт адам, қайтыс болғандардың төртеуі 52 мен 62 жас аралығындағы адамдар, бір жағдай бойынша мәлімет жоқ.



16 шілде 2025 ж. 215 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930