"Құрмет ордені" иегері Ерғали Күніке дауыс берді
Көларық ауылдық округіне қарасты Ақтан батыр ауылындағы №78 сайлау учаскесінде еліміздің дамуына үлес қосқан, «Құрмет орденінің» иегері Ерғали Күніке ағай өз таңдауын жасады.Ерғали Күніке азаматтық борышын абыроймен орындап, сайлау учаскесіне келіп, өз дауысын берді. Ол елдің тыныштығы мен өркендеуін тілеп, жастарға белсенділік танытып, сайлауға қатысуға шақырды.
«Бұл сайлау – ауданның болашағын айқындайтын маңызды кезең. Сондықтан сайлауда белсенді болуға шақырамын», — дейді ол.
№78 сайлау учаскесінде сайлаушылардың белсенділігі жоғары, сайлау науқанын әділ және ашық өткізуге барлық жағдай жасалған.
Бұл оқиға елге қызмет еткен азаматтардың қоғамдық өмірге деген белсенді қатысының айқын көрінісі болып отыр.
#ҚұрметОрдені
#АзаматтықҚатысу #ҚазалыСайлау2025














