Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » №74 сайлау учаскесінде ең жас сайлаушы дауыс берді

№74 сайлау учаскесінде ең жас сайлаушы дауыс берді

Бүгін Қазалы ауданы әкімінің сайлау науқаны шеңберінде Бірлік ауылдық округіндегі №74 сайлау учаскесіне ең жас сайлаушы – Аяжан келіп, өз таңдауын жасады. Аяжанның сайлауға қатысуы – ауданның жастар арасындағы азаматтық белсенділігінің айқын көрінісі.

Сахи Аяжан дауыс беру рәсімінен кейін өз ойын бөлісіп:
«Мен үшін бұл – үлкен жауапкершілік. Елдің болашағы біздің қолымызда. Сондықтан, сайлауға қатысып, өз пікірімді білдіргеніме өте қуаныштымын», – деді.

№74 сайлау учаскесінде дауыс беру тәртібі жақсы ұйымдастырылған. Комиссия мүшелері сайлаушыларға барлық жағдайды жасап, сұрақтарына жауап беріп отыр. Сайлаушылар да таңнан бастап белсенділік танытып, өз құқықтарын пайдаланып жатыр.

Бұл оқиға аудан жастарының қоғамдық өмірге деген қызығушылығы артып келе жатқанын байқатады. Әрбір жас сайлаушының қатысуы елдің тұрақтылығы мен дамуына үлкен үлес қосатыны сөзсіз.

#АуданӘкімСайлауы
#ЖасСайлаушы
#Қазалы2025
28 қыркүйек 2025 ж. 356 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031