Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы жұртшылығы белсенділік танытуда

Қазалы жұртшылығы белсенділік танытуда

Қазалы ауданындағы №91 сайлау учаскесінде дауыс беру қарқынды жүруде. Барлығы 2387 сайлаушы тіркелген учаскеде тұрғындар таңмен таласа келіп, азаматтық парызын өтеуге асығуда.
Сайлауға алғашқылардың бірі болып келген зейнеткер Жәмила Жиенқұлова жыл сайынғы дәстүрін бұзбай, таң атысымен өз таңдауын жасады. Ел құрметіне бөленген Жәмила апайға учаскелік комиссия тарапынан сый-сияпат ұсынылды. Ол барша елге амандық пен береке тіледі.
Сондай-ақ, әлемдік ареналарда ел намысын қорғап жүрген, грек-рим күресінен әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері Самат Оспан да сайлауға келіп, дауыс берді. Ол: «Бүгінгі таңдау — болашақтың бастауы. Еліміздің атын шығаратын азаматтар көп болсын», — деп жүрекжарды тілегін білдірді.
Ауыл ақсақалы Оразбек Шәмшиев те саяси науқаннан қалыс қалмай, дауыс беріп, елдің игілігі үшін ақ батасын арнады. Учаскелік комиссия мүшелері ақсақалға құрмет көрсетіп, естелік тартуын табыстады.
28 қыркүйек 2025 ж. 167 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930