Ажырасу ережелеріндегі жаңашылдықтар – қазақстандықтарға түсіндірме
ФОТО: freepikБұрын арыз беру үшін қажет болған құжаттар:
- жеке куәлік;
- неке қию туралы куәлік;
- мемлекеттік тіркеу үшін төлем түбіртегі (7 728 теңге).
- ерлі-зайыптылардың жеке куәліктері;
- неке қию туралы куәлік;
- бірлескен арыз (немесе негіз болған жағдайда бір тараптан арыз);
- мемлекеттік тіркеу үшін төлем түбіртегі (7 728 теңге);
- ерекше жағдайларды растайтын құжаттар (сот үкімі, сот анықтамасы, әрекетке қабілетінің шектелгені туралы құжат).
Бұрын мұндай мүмкіндік тек сот арқылы жүзеге асатын. Енді азамат ЗАГС-қа жеке өзі арыз бере алады, егер екінші жұбайы:
- сот арқылы әрекетке қабілетсіз деп танылса;
- үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырылса;
- хабар-ошарсыз кеткен деп танылса.
Сот шешімі бойынша мынадай жағдайлар танылғанда:
- жұбайы хабар-ошарсыз кеткен деп танылса;
- жұбайы шектеулі әрекетке қабілетті немесе әрекетке қабілетсіз деп танылса;
- жұбайы қылмыс жасағаны үшін үш жылдан кем емес мерзімге бас бостандығынан айырылса.
- екінші жұбай халықаралық іздеуде үш жылдан астам уақыт болса;
- соттың іздеуге жариялау туралы қаулысы бар болса;
- жұбайының келісімінсіз ЗАГС-қа арыз беруге болады.
- бір жұбайы (белгілі жағдайларда);
- екі жұбайы – өзара келісім бойынша;
- жұбайының қамқоршысы – егер ол әрекетке қабілетсіз деп танылса;
Бұған дейін әділет министрі бұйрыққа қол қойған болатын. Соған сәйкес, егер некені бұзу мемлекеттік тіркеу мына негіздер бойынша жүргізілсе:
- жұбайының хабар-ошарсыз кеткені туралы сот шешімі;
- жұбайының әрекетке қабілетсіз немесе шектеулі қабілетті екендігі туралы сот шешімі;
- жұбайының қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жылға бас бостандығынан айырылғаны туралы сот үкімі;
- сот санкциясынан кейін үш жыл өткен соң жұбайының халықаралық іздеуге жарияланғаны туралы қылмыстық қудалау органы қаулысы болса,
- онда арыз беруші некені бұзу туралы өтінішін кез келген тіркеуші органға, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдеріне немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жазбаша түрде немесе портал арқылы электронды нұсқада жолдай алады.













