Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда енді жұбайының қатысуынсыз ажырасуға рұқсат берілді

Қазақстанда енді жұбайының қатысуынсыз ажырасуға рұқсат берілді

Фото: Pexels
2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Қазақстанда некені бұзудың жаңа ережелері күшіне енеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Жуырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Неке және отбасы туралы» кодекске енгізілген түзетулерге қол қойды. Өзгерістер біржақты тәртіппен некені бұзу рәсімін жеңілдетеді.
Бұған дейін ерлі-зайыптылардың біреуі екіншісінің келісімінсіз ажырасу үшін мына жағдайлардың бірінің болуы жеткілікті еді:
  • Екінші тарап хабар-ошарсыз кеткен деп танылса;
  • Әрекетке қабілетсіз немесе шектеулі әрекетке қабілетті деп танылса;
  • Кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айырылса.
Енді бұл тізімге тағы бір тармақ қосылды. Егер екінші жұбай халықаралық іздеуде үш жылдан астам уақыт болса, неке бұзылады.
Соңғы себеп бойынша ажырасу үшін АХАТ бөліміне өтініш беру керек. Оған қоса, адамның халықаралық іздеуде екені туралы қылмыстық қудалау органдарының құжатын қоса тіркеу қажет. Осыдан кейін өтінішті Әділет министрлігі растайды.
Биыл көктемде мәжіліс депутаты Ардақ Назаров ажырасқан қазақстандықтарға салықты көтеруді және некені ресми бұзу үшін жоғары баж салығын енгізуді ұсынған еді.
2023 жылы Қазақстанда 120,8 мың неке тіркелсе, оның 40,2 мыңы бұзылған.
08 тамыз 2025 ж. 322 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 115

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031