Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде орташа зейнетақы мөлшері 142 мың теңгеге жетті

Елімізде орташа зейнетақы мөлшері 142 мың теңгеге жетті

2 млн 503 мың адам базалық және ынтымақты зейнетақы алады.  
Фото: canva
Жыл басынан бері зейнеткерлерге республикалық бюджеттен 2 трлн 804,4 млрд теңге сомасына зейнетақы төленген. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 907,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 897 млрд теңге қарастырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша республикалық бюджеттен төленетін жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 142 894 теңгеге жеткен. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 326 теңге, базалық зейнетақы – 47 568 теңге болды.
2025 жылғы 1 қаңтарда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға жоғары.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2023 жылдан бастап 5 жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ең жоғары – 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады.
Базалық зейнетақы көлемі еңбек өтіліне тікелей байланысты:
  • 10 жылға дейін – күнкөріс минимумынан 70%,
  • әр қосымша жыл үшін +2%,
  • 30 жылдан асса – 110% мөлшерінде (50 851 теңге) белгіленеді.
23 қыркүйек 2025 ж. 105 0

Көкем қайта келе ме?

23 қыркүйек 2025 ж. 36

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930