Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Таиландта иттерден құтыру індеті тарап жатыр

Таиландта иттерден құтыру індеті тарап жатыр

Фото: pixabay.com
Бангкок қаласының тоғыз ауданында және оған іргелес Самутпракан провинциясында құтыру ауруының өршуі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
The Nation басылымының мәліметінше, осыған байланысты Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының құтыруға қарсы бөлімшесі ресми ескерту жариялады.

Мал шаруашылығын дамыту департаменті шұғыл түрде Бангкок пен Самутпраканның бірқатар аумағын уақытша эпидемиялық аймақ деп жариялап, 30 күнге ит, мысық және басқа да сүтқоректілерді әкелу-әкетуге тыйым салды. Бұл шектеу 8 қазанға дейін күшінде болады.

Аурудың өршуі адамдарға да, үй жануарларына да, сондай-ақ ірі қара, буйвол және басқа да мал түрлеріне қатер төндіретін елеулі қауіп ретінде бағаланды.

Билік халықты абай болуға және қаңғыбас жануарлармен байланыстан сақтануға шақырды.

Тай PBS телеарнасының дерегінше, 2025 жылдың басынан бері елдің алты провинциясында жеті адам құтырудан көз жұмған.

Жануар иелері аурудың кез келген белгісі байқалса, 12 сағат ішінде хабарлауға міндетті. Ал мал өлекселері ветеринар мамандар келгенге дейін қозғалтылмауы тиіс.

Қаулыны бұзғандар екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе 40 мың бат (шамамен 1600 доллар) айыппұл төлеуі мүмкін.
13 қыркүйек 2025 ж. 50 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 113

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 112

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 103

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 107

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930