Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлікке қолдау

Кәсіпкерлікке қолдау

Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет мемлекеттік бағдарламалар аясында ауылдық елді-мекендерде кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын ұйымдастыру бағытында ауданға іс-сапармен келген бірқатар қонақтармен кездесті.
Аудан басшысымен кездесуге Қызылорда облысы Кәсіпкерлер Палатасының Өңірлік кеңес төрағасы Ерлан Раимов, Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Сыздық Пірмұхаммед, Өңірлік кәсіпкерлік кеңесінің мүшесі Болат Нұрқожаев және Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасының Қазалы ауданы бойынша филиалының директоры Маржан Ким мен «Сыр маржаны» ЖШС-нің директоры, жеке кәсіпкер Мнажадин Өтеевте бірге келді.
Кездесуде кәсіп ашуға ниет білдірген азаматтардың жеңілдетілген несие алуға жобаларын дайындауға көмек беру, құжаттарын реттеуге ықпал жасау және аудандағы кәсіпкерлік саласын дамытуға қатысты мәселелерді талқыланды.
Аудан басшысы өз кезегінде аудандағы кәсіпкерлік саласының дамуына барлық жағынан қолдау көрсететінін айтып, ауылдық елді-мекендердегі кәсіп ашам деген кез-келген азаматқа жан-жақты қолдау көрсетілетіндігін жеткізді.
Кездесуден соң облыстан келген қонақтар Әйтеке би кенттік Мәдениет Үйінде аудан кәсіпкерлерімен кездесіп, өңірімізде кәсіпкерлік саласын дамытуда жүзеге асырылып жатқан түрлі жобалар жайында және кәсіпкерлікті дамытуға қатысты басқада мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 
22 ақпан 2024 ж. 253 0

Оңалтудың үйлесімді орталығы

23 желтоқсан 2025 ж. 120

Түнгі қонақ

23 желтоқсан 2025 ж. 126

Маңызды мәселелер қаралды

23 желтоқсан 2025 ж. 136

Жол түзелмей, ел түзелмейді

23 желтоқсан 2025 ж. 126

Тұрғындарға тиімді баға

23 желтоқсан 2025 ж. 120

Жаңа жылға – жаңа нысан

23 желтоқсан 2025 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031