11 қыркүйек күні ел аумағында жел күшейеді
«Қазгидромет» РМК 11 қыркүйекке арналған қауіпті метеорологиялық құбылыстар болжамын жариялады.

Дерекке қарағанда, Қазақстанның басым аумағында ауа райына циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер ықпал етеді. Осыған байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі.
Батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы болжанған.
Ел бойынша жел күшеюі мүмкін. Сонымен қатар батыста, солтүстікте, шығыста және орталық өңірлерде түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал.
Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында, Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, Ақмола облысының солтүстік-батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында, Атырау облысының батысында, Ақтөбе облысының батысы мен орталығында, Қостанай облысының оңтүстік-шығысында, Ұлытау облысының шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Алматы, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Жетісу облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының шығысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі болжанады.
Айта кетейік, Қызылордада айдың соңында күн суи бастайды.