Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін күн райы қандай болады

Бүгін күн райы қандай болады

Фронтальды бөліністердің өтуіне байланысты еліміздің батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, желдің күшеюі ықтимал. Батыста және шығыста нөсер болады.
Photo credit: Unsplash.com
Антициклонның әсерінен республиканың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болажы. Ел аумағында жел күшейеді, ал солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсуі ықтимал.

Күндіз Батыс Қазақстан облысында 36 градусқа дейін, Атырау облысында 35-37 градусқа дейін, Ақтөбе облысында 35 градусқа дейін, Маңғыстау облысының оңтүстігінде 38 градусқа дейін ыстық болады.

Алматы облысында, Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Ұлытау облысының шығысында, Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында, Атырау облысының орталығында, Ақтөбе облысының орталығы мен шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталығында, Абай облысының батысы мен оңтүстігінде өрт қауіптілігі жоғары болады.

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының батысында, Алматы облысының батысы, солтүстігі мен шығысында, Атырау облысының батысы мен шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында өрттің аса жоғары қаупі сақталады. 

Айта кетелік еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды.

24 тамыз 2025 ж. 299 0

2026 жылы зейнетақы 10%-ға өседі

22 желтоқсан 2025 ж. 144

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031