«Сыр жастары» бағдарламасына құжат қабылдау басталды

«Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың бастамасымен Қызылорда облысының жастары үшін жеңілдетілген ипотекалық несие беруге бағытталған «Сыр жастары» бағдарламасы қабылданған болатын. Бағдарламаның жалпы құны 1 млрд 700 миллион теңге, оның 1 млрд 200 млн теңгесі облыстық бюджеттен бюджеттік несие ретінде бөлінсе, 500 млн теңге «Отбасы банкі» арқылы қарастырылып отыр. Былтыр бұл бағдарлама аясында 100 жас баспаналы болды. Бағдарламаға ұсыным беру 15 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады, бүгін басталған науқан 24 қыркүйек күні аяқталады. Одан кейін, жиналған балл саны бойынша әр санат бойынша ең көп балл жинаған қатысушылар іріктеледі, оларға электронды жолдама беріледі. Жолдаманы алған жастар ары қарай «Отбасы банкінде» төлем қабілеттілігін растайды, содан кейін келісім-шарт рәсімделіп, үй табысталатын болады. Бағдарлама аясында табысталатын үйлер қаламыздың Сол жағалауында орналасқан, жалпы көлемі 49 және 66 шаршы метрден кем емес 2-3 бөлмелі пәтерлер болады деп күтілуде», - деді басқарма басшысы.
Айта кетейік, бағдарлама бойынша сұрақтар болса, басқарманың азаматтық қоғам институттарымен жұмыс және жастар бөліміне 60-53-23 номері бойынша хабарласуға болады. Сонымен бірге, облыс, қала, аудандық жастар ресурстық орталықтарында «Сыр жастары» бағдарламасы бойынша кеңес беріп, құжат ұсынуға көмек беріледі. Жастардың құжат ұсынуға компьютері, интернеті болмаса, жастар орталықтарына барып, көмек алуға болады.
Қоғамдық даму басқармасы