Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады: 11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады: 11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы


Сурет: unsplash
Қазақстанда алдағы бейсенбіде, 2025 жылы 11 қыркүйекте жаңбырлы ауа райы күтіледі. Бұл туралы болжаммен "Қазгидромет" РМК-ның синоптиктері бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжамға сәйкес, еліміздің батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстігінде ауа-райы, негізінен, жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.

"Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер айқындайтын болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, республикамыздың солтүстігінде, шығысында, орталығында нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады... Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы, батыста, солтүстікте, шығыста, ҚР орталығында түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады".
"Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі

Ал республиканың бірқатар өңірлерінде мынандай қауіпті табиғи құбылыстар күтіледі:
өрт қаупі жоғары - Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, Ақмола облысының солтүстік-батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау өңірінің батысында, Ақтөбе облысының батысында, орталығында, Қостанай облысының оңтүстік-шығысында, Ұлытау облысының шығысында;
төтенше өрт қаупі - Алматы, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Жетісу облыстарында, облысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Қостанай өңірінің оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының шығысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның үш ірі қаласында 10-12 қыркүйек аралығындағы ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөліскен болатын.

Мақаламен бөлісу:
10 қыркүйек 2025 ж. 143 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930