Президенттің жолдауы: мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берілді

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен цифрлық штаб отырысы өтті. Отырыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында қойған міндеттерге назар аударылды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Мемлекет басшысы цифрлық қалыпқа көшу арқылы экономиканың барлық саласын жаңғырту міндетін қойды. Сондықтан ЖИ енгізу нақты нәтижеге бағытталуға тиіс", - деді Олжас Бектенов.
Отырыс қорытындысы бойынша бірыңғай ұлттық цифрлық жүйені құруға бағытталған бірқатар шешім қабылданды.
Мемлекеттік органдарға мынадай тапсырмалар берілді:
15 қарашаға дейін денсаулық сақтау саласының басым бағыттарына НҚА-ға тиісті өзгерістер енгізіп, отандық стартаптардың шешімдерін енгізу;
20 желтоқсанға дейін денсаулық сақтау саласындағы 7 әртүрлі ақпараттық жүйені Qaztech базасындағы интеграцияланған 2 платформаға біріктіру;
1 желтоқсаннан бастап электр және жылу желілерін диагностикалау үшін жасанды интеллекті технологияларын енгізу;
20 желтоқсанға дейін елдің отын-энергетикалық кешенінде салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығының жұмысын қамтамасыз ету.