Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жасанды интеллектіні пайдаланып, аса қауіпті қару жасайтындар пайда болды

Жасанды интеллектіні пайдаланып, аса қауіпті қару жасайтындар пайда болды

Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Жаһандық деструктивті күштер ұлттық мәдениеттер мен дәстүрлердің іргесін шайқап отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, – деп хабарлайды KAZINFORM.
Халықаралық құқықтың мән-маңызы кете бастады. Ал БҰҰ өзінің рөлі және мәртебесіне сай қазіргі басты түйткілдерді шешуге қауқарсыз болуда. Экологиялық және технологендік апаттардың кесірінен түрлі елдердің экономикасы орасан шығынға батуда. Батыстағы этносаралық, дінаралық үйлесіммен мәдениәралуандық тұжырымдамасы дағдарысқа ұшырады. Жаһандық деструктивті күштер ұлттық мәдениеттер мен дәстүрлердің іргесін шайқауда. Босқындардың саны көбейіп, көші-дағдарысы туындады. Адам саудасы, қару-жарақ пен есірткі саудасы өршіп тұр. Бұрын-соңды болмаған мүлде жаңа сын-қатерлер күллі адамзаттың қауіпсіздігіне нұқсан келтіруде. Тіпті, жасанды интеллектіні пайдаланып, аса қауіпті қару жасайтындар пайда болды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 
Мемлекет басшысы геосаяси ахуалдың түбірімен өзгере бастағанын аңғартатын басқа да факторлар аз еместігін баса айтты.
– Қысқаша айтсақ, әлемде жаңа геосаяси тәртіп орныға бастады. Қазақстан әлем қауымдастығының ажырамас бөлігі. Мемлекетіміз Еуразия құрылғының дәл ортасында орналасқан. Қазіргі заман бұлыңғыр, тұрақсыз болса да біз бәріміз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне қадам бастық. Менің негізгі мақсатым осындай түрлі қатерге толы кезеңде еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, – деді Президент.
08 қыркүйек 2025 ж. 68 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930