Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлерді 126 миллион теңгеге алдаған алаяқ Қырғызстанда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды

Кәсіпкерлерді 126 миллион теңгеге алдаған алаяқ Қырғызстанда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды

Алаяқтық әрекеттерінің нәтижесінде ол 11 кәсіпкердің жалпы 126 миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.  
Фото: 
Depositphotos.com
Алматы облысының аумағында бірқатар алаяқтық әрекеттер жасағаны үшін күдікті Бас прокуратурасының сұрау салу бойынша Қырғыз Республикасынан экстрадицияланды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 
Тергеу барысында 2019–2022 жылдар аралығында қаскүнемнің алдын ала сөз байласу арқылы өзге адамдармен бірге өңірдегі ең ірі азық-түлік базарларының бірінде сауда бутиктерін сату сылтауымен азаматтарды жүйелі түрде алдап келгені анықталды. 
Қылмыстарды жасағаннан кейін күдікті құқық қорғау органдарынан жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған. Қазақстан мен Қырғызстанның құзыретті органдарының өзара тиімді іс-қимылының нәтижесінде биылғы тамыз айында ол Бішкек қаласында ұсталды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми сұрауы негізінде ол қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін белгіленген тәртіппен еліне экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық заңмен айыпталған әрекет үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы әділеттілікті қалпына келтіру және жәбірленуші азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында тергеуден және соттан жасырынып жүрген адамдарды анықтау, іздестіру және экстрадициялау бойынша жұмыстарды жалғастыруда.
05 қыркүйек 2025 ж. 51 0

Баспана һәм байыпты бастама

05 қыркүйек 2025 ж. 17

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930