Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы ауданы әкіміне 5 кандидат тіркелді

Қазалы ауданы әкіміне 5 кандидат тіркелді


2025 жылғы 28 қыркүйекте өтетін Қазалы ауданы әкімін сайлау бойынша 2 қыркүйекте сағат 18.00-де кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен бастап сайлау алдындағы үгіт 2 қыркүйекте сағат 18.00-де басталып, 27 қыркүйекте сағат 00.00-де аяқталады.

Қазалы ауданының әкіміне кандидат ретінде тіркелді:

1. Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы, 1982 жылы туған. «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы. Қызылорда қаласы, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.

2. Жанабаев Ғабит Жұмабекұлы, 1981 жылы туған. Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы. Қызылорда қаласы. Өзін-өзі ұсынған.

3. Ізмағамбетов Бауыржан Нұрланұлы, 1991 жылы туған. Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары. Қызылорда қаласы. Өзін-өзі ұсынған.

4. Қазбекова Мира Жомартқызы, 1984 жылы туған. Қызылорда облысының дін істері басқармасының басшысы. Қызылорда қаласы. Өзін-өзі ұсынған.

5.Қойшыбаев Шахмардан Сұлтанбекұлы, 1974 жылы туған. Қызылорда облысының ветеринария басқармасының басшысы. Қызылорда қаласы. Өзін-өзі ұсынған.

Енді кандидаттар үшін үгіт кезеңі басталды. Әрбір кандидатқа үгіт жүргізуге шығыстар мөлшері бекітілді.

02 қыркүйек 2025 ж. 59 0

Қауіпқке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 23

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 23

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 20

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930