Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Экологияға көмектесетін цифрлық құралдар

Экологияға көмектесетін цифрлық құралдар

Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Мемлекет басшысының өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде республикада өмірдің барлық салаларын цифрландыру бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде.
Қазіргі заманғы технологиялар экологиялық сын-қатерлерге жедел ден қою үшін де белсенді қолданылады. 2024 жылдан бастап Қазақстанда @TazaQazBot телеграм-боты жұмыс істейді, оның көмегімен азаматтар өз елді мекендерінде экология және абаттандыру саласындағы мәселелер туралы хабарлай алады.

Платформа жұмысының нәтижесінде:

2025 жылдың басынан бастап порталға 16,5 мың өтінім келіп түсті;

оның ішінде 15 мыңнан астам өтініш орындалды;

өтініштердің ең көп тараған тақырыптары: аумақтарды жинау (4 965 хабарлама), қоқыстарды шығару (1181 өтінім), тротуарларды күтіп ұстау және көшелерді абаттандыру (1 232 хабарлама).

Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін бот өтініштерді 21 санат бойынша бөледі, сондай-ақ сұрауларды автоматты түрде тиісті қызметтерге жібереді. Бұл мәселелерді жою үдерісін жеделдетуге және биліктің халықпен өзара іс-қимылының ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.
27 тамыз 2025 ж. 39 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031