Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада экологиялық құқық бұзушылықтарды тіркейтін камералардың саны артады

Қызылордада экологиялық құқық бұзушылықтарды тіркейтін камералардың саны артады

Елімізде экологиялық жағдайды жақсартуда заманауи әрі қолжетімді озық технологиялар енгізілуде.
Полиция департаменті экологиялық мәдениетті сақтау және қоғамдық тәртіпті күшейтуге қатысты цифрлық жобаларды енгізуде.
Полицейлер Қызылорда қаласындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық орындарды ластау фактілерін анықтау мақсатында Жедел басқару орталығы арқылы 272 дана бейнебақылау камерасымен жұмыс жасауда.
Енді департамент экологиялық құқық бұзушылықты алдын алуға мүмкіндік беретін камералар желісін көбейтуді жоспарлап отыр.
Тәртіп сақшылары облыс көлеміндегі елді мекендерде қалдықтарды жою, абаттандыру қағидаларын бұзудың алдын алу бойынша тиісті профилактикалық шаралар ұйымдастыруда. Оның ішінде ортақ пайдалану орындарын ластау, абаттандыру қағидаларын бұзу, стихиялық қоқыс орындарын және олардың пайда болу көздерін анықтау және алдын алу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Жыл басынан бері полицейлер аталған бағытта 5508 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Қоғамдық тәртіпті сақтау саласында өңірде жасанды интеллект элементтері кеңінен қолданылуда.
Полиция басқармасы Жедел басқару орталығының 40 дана бейнебақылау камерасына пилоттық режимде жаңа жүйе орнатылды. Бұл бейнебақылау камераларының бейне ағынын өңдеуді және талдауға мүмкіндік береді.

«Жыл соңына дейін облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, тұрғындардың қауіпсіздігі мен қала тазалығын қамтамасыз ету мақсатында 1400 бейнебақылау камерасы орнатылып, жасанды интеллектісі бар жаңа жүйе арқылы қоғамдық орындарды ластау фактісін автоматты түрде анықтау функциясы толық іске қосылады» дейді Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары Ибадулла Сабит Ибадуллаұлы.

Еске салайық, республикада алғаш рет облыс әкімі қолдауымен 2024 жылы барлық 7 аудан орталығына 539 бейнебақылау камерасы орнатылып, аудандық Полиция бөлімдеріне жаңадан кіші жедел басқару орталықтары қолданысқа берілген. Яғни, тұрғындардың қауіпсіздігі мен тазалықты қамтамасыз ету мақсатында әр аудан орталықтарыда бейнебақылаумен жұмыс жасауда.
13 мамыр 2025 ж. 300 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 38

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031