Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаржы министрлігі декларация тапсыруға міндетті қазақстандықтарды бақылауды күшейтеді

Қаржы министрлігі декларация тапсыруға міндетті қазақстандықтарды бақылауды күшейтеді

Фото: freepik.com
Қаржы министрлігі екінші деңгейлі банктерді салық органдарына активтері, міндеттемелері, кірістері мен мүлкі туралы декларация тапсыруға тиіс жеке тұлғалардың шоттары туралы мәліметтерді беруге міндеттейтін бұйрық жобасын әзірледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құжатқа сәйкес банктер мынадай мәліметтерді беруге міндеттеледі:
- жеке тұлғалардың банк шоттарының болуы және олардың нөмірлері туралы мәліметтер;
- осы шоттардағы ақша қаражаттарының қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтер;
- жеке тұлғаларға берілген кредиттер туралы мәліметтер;
- бір жыл ішінде құны 20 мың АЕК-тен асатын мүлікті сатып алған жеке тұлғалардың шоттардағы қаражаттардың қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтер.
"Бұл салық органдарына камералдық бақылауды уақтылы жүргізуге мүмкіндік береді және жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін бақылаудың тиімді жүйесін құруға ықпал етеді, сондай-ақ бюджетке түсетін түсімдер көлемінің ұлғаюына және көлеңкелі экономика үлесінің қысқаруына әкеледі", – делінген құжат түсіндіремсінде.
Бұйрық жобасы 9 қыркүйекке дейін ашық талқылауға шығарылған.
26 тамыз 2025 ж. 246 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 128

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930