Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаржы министрлігі аударымдарға бақылауды қатаңдататын жаңа ережелерді енгізбек

Қаржы министрлігі аударымдарға бақылауды қатаңдататын жаңа ережелерді енгізбек

Фото: depositphotos.com
Қазақстанда банк шоттары мен аударымдарды тексерудің жаңа ережелері дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қаржы министрлігі активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсыруға міндетті азаматтардың шоттарындағы ақша қозғалысы туралы деректерді ұсыну тәртібін нақтылайтын бұйрық жобасын талқылауға шығарды.

Не өзгереді?
Жобаға сәйкес, екінші деңгейлі банктер кірістер мен мүлік туралы декларация тапсыратын жеке тұлғалардың шоттары бойынша салық органдарына егжей-тегжейлі ақпарат беруге міндетті болады. Тізімге мыналар кіреді:

шот нөмірлері мен ондағы қалдықтар туралы мәліметтер;
жыл ішіндегі ақша қозғалысы;
осындай тұлғаларға берілген кредиттер, оның ішінде өтелген сомалар мен есептелген пайыздар туралы деректер;
20 мың АЕК-тен асатын (2025 жылы 73 миллион теңгеден жоғары) мүлікті сатып алу кезіндегі шоттардағы ақша қозғалысы.
Бұл не үшін қажет?

ҚАРСЫ КӨРСЕТКІШТЕР БАР. ДӘРІГЕРМЕН КЕҢЕСІП АЛЫҢЫЗ
Қаржы министрлігі мәліметінше, өзгерістің мақсаты – жалпыға бірдей декларациялау аясында азаматтардың кірістері мен мүлкіне бақылауды күшейту. Салық органдары ірі мәмілелерді қашықтан қадағалап, оларды берілген декларациялармен салыстыра алады. Бұл әдіс әділ салық салуды қамтамасыз етіп, бюджет кірістерін арттыруға және көлеңкелі экономиканы қысқартуға көмектеседі деп жоспарланып отыр.

Контекст
Бұған дейін қолданыстағы тәртіп банктердің шоттар мен кредиттер туралы тек жалпы ақпарат ұсынуын ғана қарастырған еді. Енді жаңа Салық кодексінің ережелеріне сәйкес тізім нақтыланып, кеңейтіледі. Жоба азаматтар үшін ешқандай қосымша тәуекел тудырмайтыны, бірақ бақылаудың ашықтығын арттыратыны баса көрсетілген.

Құжат "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылаудан өтіп жатыр.
Еске салайық, Қазақстанда қыркүйектен бастап мобильді аударымдарды тексерудің жаңа ережелері күшіне енеді. Биыл үш ай ішінде 1 миллион теңгеден асатын шек енгізілмек.
26 тамыз 2025 ж. 123 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031