Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалылық дихандар 781 гектар жерге "Сыр сұлуы" күріш сортын екті

Қазалылық дихандар 781 гектар жерге "Сыр сұлуы" күріш сортын екті

Биыл қазалылық дихандар 781 гектар жерге ауданның климатына бейімделген «Сыр сұлуы» күріш сортын екті.

Жергілікті сорттың авторлары Қызылорда қаласындағы Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының ғалымдары. Күріштің бұл түрі біздің өңірдің климаттық жағдайына бейімделген. Вегетациялық мерзімі қысқа (105-110 күн), суды аз қажет етеді.
Күріштің жаңа сортын ауданда «РЗА-Агро» ЖШС 235 гектар, «Сыр маржаны» ЖШС 500 гектар, «Ақмаржан» ШҚ 46 гектар жерге егіп, қазіргі таңда дала еңбеккерлері күтіп-баптауда.
Ауданда су тапшылығына байланысты егісті орналастыруды жоспарлау барысында әртараптандыруға аса мән берілді. Нәтижесінде суды аз тұтынатын мал азықтық құнарлы дақылдар – сүрлемдік жүгері мен жоңышқа дақылының көлемі арттырылды.
Сондай-ақ, биыл суармалы суды үнемдеу мақсатында Қазалы ауданында жаңбырлатқыш қондырғысын пайдалана отырып 87 гектар жерге жүгері егу жобасы өндіріске енгізілді. Алдағы жылдары жаңадан суармалы жерлер ашылып, осы технология бойынша 2300 гектар жерге егіс егу жоспарлануда.

"ҚАЗАЛЫ"ақпарат

16 маусым 2021 ж. 949 0

2026 жылы зейнетақы 10%-ға өседі

22 желтоқсан 2025 ж. 150

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031