Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аптап, жел және тұман: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Аптап, жел және тұман: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Фото: depositphotos.com
Қазгидромет дүйсенбі, 25 тамызда өңірлерде ауа райы қолайсыз болатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматыда өрт қаупі жоғары деңгейде сақталған, ал Шымкентте – өрттің ерекше қауіпті деңгейі күтіледі.
Абай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман түседі.
Алматы облысында өрт қаупі жоғары, өңірдің солтүстігі мен батысында – өрттің ерекше қауіпті деңгейі күтіледі. Қонаевта да өрт қаупі жоғары.

Атырау облысының батысы мен солтүстігінде күндіз найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Өңірдің шығысында күндіз құмды дауыл соғады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Күндіз 31-36 градус ыстық күтіледі. Өңірдің батысы мен шығысында өрттің ерекше қауіпті деңгейі сақталады, орталығында – жоғары қауіпті деңгей.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында күндіз және таңертең найзағай күтіледі. Түнде және таңертең өңірдің солтүстігі мен шығысында тұман түсуі мүмкін. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Солтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аймақтарда 15-20 м/с дейін жетеді. Өңірде өрттің ерекше қауіпті деңгейі сақталады. Таразда күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Өрттің ерекше қауіпті деңгейі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және орталығында күндіз қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болжанады. Сол аумақтарда найзағай да күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Өңірдің оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары, ал батысында өрттің ерекше қауіпті деңгейі сақталады. Оралда күндіз қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Қарағанды облысының оңтүстігінде өрттің ерекше қауіпті деңгейі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Өңірдің оңтүстігінде өрттің ерекше қауіпті деңгейі сақталады.

Қызылорда облысының шығысында күндіз құмды дауыл болжанады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Қызылордада да күндіз құмды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Өңірде өрттің ерекше қауіпті деңгейі сақталады.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз өңірдің солтүстік-батысында екпіні 15-18 м/с дейін жетеді. Ақтауда өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз оңтүстік-батысында, шығысында және орталығында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Өңірдің орталығында өрт қаупі жоғары, ал батысы мен оңтүстігінде де осындай деңгей сақталады.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні шығысы мен солтүстігінде 15-20 м/с дейін жетеді. Өңірдің оңтүстігінде, шығысында және солтүстігінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Ұлытау облысының шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Павлодар облысының батысы, солтүстігі және шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Павлодар қаласында да түнде және таңертең тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Петропавлда да түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде құмды дауыл болжанады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, өңірдің солтүстігінде, батысында және таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Өңірде өрттің ерекше қауіпті деңгейі сақталады. Түркістанда да солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.
25 тамыз 2025 ж. 88 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031