Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін футболдан Қазақстан біріншілігі басталады

Бүгін футболдан Қазақстан біріншілігі басталады

Бүгін, 5 наурызда футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігі жалауын көтереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Биылғы доп додасында барлығы 14 команда бақ сынайды. Олар екі айналым жүйесі бойынша шеберлік байқасады. Алғашқы тур ойындары 5 және 6 наурыз күндеріне белгіленген. Бүгін, 5 наурызда бес команда өзара кездеседі. Доп додасының шымылдығын елорда уақытымен 15.00-де «Ордабасы» (Шымкент) - «Мақтарал» (Түркістан облысы), «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Шахтер» (Қарағанды) командалары ойынымен ашылады. Елордадағы ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Одан кейін 16.00-де «Атырау» мен «Ақсу» (Павлодар облысы), «Каспий» (Ақтау) мен «Қызылжар» (Петропавл) клубтары жасыл алаңға шығады. Сондай-ақ, 17.00-де «Тұран» (Түркістан) мен «Тараз» командалары шеберлік байқасады. Аталған кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Ал 6 наурызда қалған екі ойын болады. Алдымен 15.00-де «Қайрат» (Алматы) мен «Ақтөбе», 17.00-де «Тобыл» (Қостанай) мен «Ақжайық» (Орал) командалары ойнайды. Бұл күнгі екі ойын да «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Еске салсақ, бұдан бұрын «Тобыл» Қазақстан суперкубогының иегері атанды.


05 наурыз 2022 ж. 733 0

Бақытын тапқан өнерден

14 наурыз 2026 ж. 40

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031